
Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залының мүшесі атанғаннан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялап, бұл жетістіктің өзі үшін ерекше мәнге ие екенін айтты.
«Өздеріңіз білетіндей, осы аптада мен Халықаралық бокс даңқы залының құрамына ресми түрде енгізілдім. Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі ерекше сәт. Әлемдік бокстың ең ұлы тұлғаларымен бір қатарда аталу қандай маңызды екенін сөзбен жеткізу қиын», – деп жазды Головкин.

Боксшының айтуынша, бұл жетістік 35 жылдан астам уақытқа созылған табанды еңбек, тәртіп пен мақсатқа адалдықтың нәтижесі.
Дереккөз: 24kz


