
Қырғыз билігі Қазақстан мен тағы бірнеше елден жанармай сұрады. Көрші ел мұнай өнімдерінің шамамен 90-95%-ын Ресейден импорттап отыр.
Алайда федерация аумағының өзінде бензин тапшы. Сондықтан Бішкек басқа да жолдарын қарастыруға көшті.
«Отын тапшылығын болдырмас үшін Ресей, Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан және Түркіменстан үкіметтеріне ресми өтініш жолданды. Жанармай сатып алу көздерін көбейту, халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту бойынша келіссөз жүріп жатыр», – деп хабарлайды Қырғызстан энергетика министрлігі.
Дереккөз: 24kz


