
Біріккен Араб Әмірліктері жасөспірімдерге тәртіпті қатайтып, әлеуметтік желіні ішінара шектеді. 15 жасқа дейінгі бала жеке парақша аша алмайды.
Толық тыйым салған елдер:
- Австралия (16 жас) — әлемде бірінші болып 16 жасқа дейінгілерге желіні мүлдем жауып тастады.
- Индонезия мен Малайзия (16 жас) — Оңтүстік-Шығыс Азиядағы алғашқы елдер. Балалардың аккаунттары жаппай бұғатталады.
- Қытай (Арнайы режим) — 14 жасқа дейінгі балаларға желіде күніне тек 40 минут қана рұқсат және түнгі уақытта мүлдем істемейді.
Жаңа заң қабылдаған және дайындап жатқан елдер:
- Ұлыбритания мен Канада (16 жас) — 16 жасқа толмағандарға тыйым салатын заң жобаларын бекітті.
- Түркия мен Франция (15 жас) — 15 жасқа дейінгі балаларға ата-анасының рұқсатынсыз желіге тіркелуге заңмен шектеу қойды.
- Испания, Норвегия, Швеция — 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге тыйым салуды қызу талқылап жатыр.
Дереккөз: 24kz


