Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін толық ашты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін ашты, деп хабарлайды satmedia.kz dalanews.kz сілтеме жасап.

Азаматтық авиация басқармасы қалыпты қозғалыс режимі қайта қалпына келтірілгенін және барлық сақтық шараларының күшін жойғанын мәлімдеді. Осыған қарамастан, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуе кеңістігі тұрақты бақылауда болады. 

Айта кетейік, 8 сәуірде атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен  әмірліктердің аумағына зымыран және дрон шабуылдары тіркелмеген. Содан бері әуе тасымалдаушылары да рейстерді біртіндеп қалпына келтіріп жатыр. Эмирэйтс компаниясы рейстердің жүктемесін соғысқа дейінгі деңгейдің шамамен 80 пайызына жеткізген. Дәл сол сияқты өңірге ұшуды уақытша тоқтатқан бірқатар халықаралық әуе компаниялары да қызметін қайта жандандырды.

Дереккөз: dalanews.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар