Қаншама жылдардан бері аңқасы кеуіп, кенезесі кебірсіген Жонарық елді мекенінің тұрғындары бүгінде көтеріңкі көңіл-күйде. Себебі – ауылға олар көптен күткен ауыз суды кіргізу жұмыстары жүруде. Мұнан бөлек, ынтымақ пен берекесі жарасқан ауылдағы ағайын Алла үйін салып, оны аяқтауға шақ. Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Аман Асылбек