Жыл соңы – желтоқсан. Қаңтардан бергі жұмыстарды саралайтын сәт келді. Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округіне жыл басынан бері қыруар қаражат бөлініп, тындырымды тірліктер атқарылыпты. Инфрақұрылым мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ мәдениет салаларының құрылысына қан жүрген. Мұны округ әкімі арнамызға берген сұхбатында мәлімдеп отыр.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Асан Қазақбаев