
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында отандық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобаларды ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2023 жылдан бері «Бір ауыл – бір өнім» жобасын жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Жоба аясында 238 кәсіпкер іріктелген. Жалпы сомасы 642 млн теңгеге 136 жоба қаржыландырылған.
«Нәтижесінде 116 кәсіпкер өз өндірістеріне заманауи жабдықтар орнатып, 564 жаңа жұмыс орнын құра алды. Жобаны жүзеге асыру жергілікті бизнесті дамытуға және өңірлерде тұрақты кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға ықпал етті»,
— деп атап өтті Қанат Шарлапаев.
Дереккөз: @KZgovernment


