Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру мақсатында Сарыағаш ауданында «Болашаққа мүмкіндік – Жаңа өмір» атты форум өтті. Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстапа Сүлейменов, ауданның бас имамы Тұрлыбек Төлебеков, құқық қорғау органдары, пробация тізіміндегілер және аудан тұрғындары қатысты. Жиын барысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі көпшілікке ұсынылды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Әукен Қадір