
Келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары үзіліссіз жалғасып жатыр. Қаржыландыру көлемі қайтадан ұлғайтылды. Биыл тек электр стансаларын жөндеуге ныспн иелері 384 млрд теңге бөлуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қаражат электр энергиясының тарифі есебінен қалыптасады. Әрбір станса жөндеу жұмыстарын бірінші кезекте жүргізуді қажет ететін ең тозған учаскелерді өз бетінше айқындайды.
Қазіргі уақытта 5 жылу энергетикалық нысаны «қызыл» аймақта тұр: Семей, Орал, Тараз қалаларындағы ЖЭО, Ақтау қаласындағы ЖЭО-2 және Теміртаудағы ГРЭС-1. Жыл қорытындысы бойынша электр стансаларындағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


