
Отандасымыз Бибісара Асаубаева шахматтан өткен Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын 1-орын алды. 25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласында (Норвегия), Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті. Жарысқа 4 елден (Қазақстан, Қытай, Үндістан және Украина) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты.
Бибісараның қарсыластары: Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) – қазіргі әлем чемпионы; Чжу Цзиньэр (Қытай) – әлем рейтингінде 2-орындағы шахматшы; Хампи Конеру (Үндістан) – әлем шахматының белді өкілі; Анна Музычук (Украина) – «Norway Chess Women» турнирінің былтырғы жеңімпазы; Дивья Дешмукх (Үндістан) – әлем кубогының иегері. Бұл турнир Бибісара үшін дебют (алғашқы) болды. Соған қарамастан, ол турнир тарихындағы ең жас қатысушы болып отыр.
Турнир форматы: Жарыс екі айналымды жүйеде өтті, яғни әр ойыншы бір-бірімен екі реттен ойнады. Классикалық партияда тең түскен жағдайда, жеңімпаз «Армагеддон» (міндетті түрде жеңімпазды анықтайтын ерекше ереже бойынша өтетін шешуші партия) арқылы анықталды.
Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігі


