Бензинді заңсыз алып шығатындардың жолын кесу үшін шекараға 60-қа жуық полиция бекеті орнатылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері отынды ел аумағынан заңсыз тасымалдаудың 255 фактісі тіркелген. Тәртіп бұзушылар бұл үшін көліктерін арнайы қайта жабдықтап, қосымша жанармай бактарын орнатып алған.

Осы заңсыз әрекеттері үшін 195 шетелдік пен 60 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда министрлік бұл бекеттердің дәл қай елдермен арадағы шекарада қойылғанын және заңбұзушылықтардың ең көп тіркелген кезеңін нақтыламады.

Айта кетейік, соңғы уақытта құзырлы органдар әсіресе қазақ-ресей шекарасындағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Өйткені Ресейдегі отын дағдарысына байланысты Қазақстаннан бензинді заңсыз тасымалдау әрекеттері жиіледі.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар