Сарыағаш ауданындағы №68 Т.Оспанов атындағы мектепте саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты ұстаз Темірбекова Меруерт Сарғалиқызының құрметті еңбек демалысына шығуына арналған тағылымды кеш өтті. Ұстаздың өнегелі өмір жолын дәріптеген шараға әріптестері, шәкірттері, ардагер ұстаздар, отбасы мүшелері мен туған-туыстары қатысып, ақжарма тілектерін арнады. Ұзақ жылдық еңбегімен мектеп тарихында өзіндік із қалдырған ұстазға көрсетілген құрмет көпшіліктің көңілінен шықты.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





