Батыс Қазақстан облысында 9 жасар батыр өрттен екі бауырын құтқарып қалды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Оқиға ақпанда болған. 9 жасар Бейбарыс ата-анасы жұмыста болған соң, інілерін қарап қалған. Кенет электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шығып, үйдің іші қою түтінге толған.

Бейбарыс қорықса да жалын шарпыған үйден інілерін алып шығып үлгерген. Бейбарыс бес балалы отбасының екінші перзенті.

Қазір ол ата-анасы мен бауырларымен бірге уақытша коммуналдық пәтерде тұрып жатыр.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар