
13 наурыз күні Қызылордада Тәуелсіздік даңғылы мен Есқараев көшесінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Үш көлік соқтығысып, салдарынан 45 жастағы ер адам көз жұмды. Оның соңында 6 баласы қалды. Ол апат болған күні ВАЗ-2104 көлігін басқарған.
Марқұмның туыстары апатқа кінәлі жүргізуші әлі жауапқа тартылмады дейді. Олардың айтуынша, 23 жастағы Әліби Боранбаев Lexus көлігін жүргізген. Ол апат кезінде сағатына шамамен 200 шақырым жылдамдықпен жүрген. Марқұмның жақындары ашық және әділ сот жүргізуді талап етіп отыр.
Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


