«Барселона» эль-класико алдында сапын 80 миллиондық ойнышымен күшейтті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Каталониялық «Барселона» клубы мен Бразилия құрамасының вингері Рафинья Диас жарақатынан сауығып, жуық арада оралады, деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Эль-класикоға қатысуы мүмкін

29 жастағы футболшы сан жарақатын толық емдеп, наурыз айынан бері алғаш рет «Осасунаға» қарсы матчқа (2:1) команда тізіміне енгенімен, алаңға шықпады. Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, ешқандай асқыну болмаса, Рафинья алдағы эль-класикода алаңға шығуы мүмкін.

Маусымдағы үлесі

Рафинья биыл мансабындағы ең үздік маусымдардың бірін өткізуде. Ол «көк-қызылдар» сапында 31 матчта 27 нәтижелі әрекет (19 гол және 8 нәтижелі пас) жасап, шабуыл шебіндегі негізгі ойыншылардың біріне айналды.

Эль-класикоға қатысуы мүмкін

Каталониялықтардың мадридтік «Реалға» қарсы кездесуі 11 мамырға қараған түні «Камп Ноу» стадионында өтеді. Ханс-Дитер Флик жаттықтыратын команда бұл ойында чемпиондықты мерзімінен бұрын рәсімдей алады – ол үшін «Барселонаға» жеңілмеу жеткілікті. Қазіргі таңда каталондықтар 88 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр, ал «Реал» (77) екінші орында келеді. Чемпионаттың аяқталуына бес тур қалғанынын айта кетейік. 

Маусымдағы үлесі

Рафинья биыл мансабындағы ең үздік маусымдардың бірін өткізуде. Ол «көк-қызылдар» сапында 31 матчта 27 нәтижелі әрекет (19 гол және 8 нәтижелі пас) жасап, шабуыл шебіндегі негізгі ойыншылардың біріне айналды.

«Барселонаға» жол

Бразилиялық футболшы 2022 жылдан бері «Барселона» сапында өнер көрсетіп келеді. Ол ағылшынның «Лидс Юнайтед» клубынан 58 миллион еуроға ауысқан. Бұған дейін Рафинья франциялық «Ренн», Лиссабонның «Спортинг» және португалиялық «Витория Гимарайнш» командаларында ойнаған.

Transfermarkt мәліметі бойынша, футболшының қазіргі нарықтық құны шамамен 80 миллион еуроны құрайды.

Дереккөз: Vesti.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар