АҚШ әскері Сириядан толық шығарылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

АҚШ әскері Сириядан толығымен кетті. Хасака провинциясындағы Касрак базасынан сарбаздар мен техниканың соңғы конвойы аймақтан шығарылды, -деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жөнінде әуелі Дамаск үкіметі: «Сирия мемлекеті халықаралық қауымдастықпен ынтымақтаса отырып, терроризмге қарсы іс-қимылдарды өз ішінен басқаруға толық қауқарлы» деп мәлімдеді. Кейін АҚШ ақпаратты растап, алдағы уақытта аймақтағы қауіпсіздікті сақтауға қолұшын созатынын айтты. 

АҚШ әскері 2014 жылы Сирияда террорлық ұйым ретінде танылған «Ислам мемлекетімен» қарсы күресу үшін жұмылдырылған болатын. Кейінгі миссиясы 5 мың 700-ге тарта содырды ұстау жұмыстарымен аяқталды. Былтыр АҚШ Сирияның солтүстік-шығысындағы сегіз базасының үшеуін жауып, сарбаз санын 2000-нан 1400 адамға дейін қысқартатын мәлімдеген. Ал осы айдың басында АҚШ күштері Сирияның шығысындағы Иордания шекарасына жақын орналасқан Әл-Танф базасынан біртіндеп шығарылды.

Дереккөз: 24.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp