
Апат АҚШ әкімшілігінің Гавана билігіне экономикалық және саяси қысымды күшейтуі аясында болды. Куба өзіне қажетті отынның небәрі 40%-ын ғана қамтамасыз ете алады. 2026 жылдың қаңтарынан бері АҚШ аралға тек наурыз айының соңында бір ресейлік танкер арқылы мұнай жеткізуге рұқсат берген. Алайда 730 мың баррель мұнай қоры мамыр айына қарай толық таусылған.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, АҚШ-тың санкциялық шектеулері шамамен 10 миллион халқы бар Кубадағы электр энергиясының созылмалы тапшылығын одан әрі ушықтырған. Мамыр айында ел билігі отын қорының толық таусылғанын хабарлаған.
Соңғы бірнеше айда Куба тұрғындары электр жүйесіндегі ірі ақауларға бірнеше рет тап болды. Наурыз айының ортасында бүкіл ел бірнеше сағат бойы жарықсыз қалса, мамырда осындай жағдай Кубаның шығыс өңірлерінде қайталанды. Электр энергиясын үнемдеу мақсатында үкімет жоспарлы түрде жарықты өшіріп отырады, мұндай шектеулер кейде бір тәулікке дейін созылады.
Дағдарыстан шығу үшін Куба билігі ауқымды реформаларды қолға алды. Оның ішінде соңғы 65 жылдағы ең ірі экономиканы ішінара жекешелендіру бастамасы бар. 2026 жылғы маусымда ел басшылығы Вашингтонның отынға қатысты шектеулерін алып тастауға қол жеткізу мақсатында 200-ге жуық нарықтық реформаны ұсынды.
Алайда Куба мен АҚШ арасындағы келіссөздер тұйыққа тірелді. Bloomberg мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп экономикалық және саяси қысым арқылы Кубада АҚШ-қа жақын үкіметтің билікке келуіне ықпал етуді көздейді.
Айта кетейік, Вашингтон Кубаға қарсы санкцияларынан кеңейтті. Бұл президент Мигель Диас-Канел мен Рауль Кастроның отбасы мүшелеріне әсер етті.
Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/kuba-elektr-zhelsnn-zhappay-sten-shiguina-baylanisti-tagi-dazhariksiz-kaldi-9cbd1292


