
АҚШ-тың Ирандағы нысандарға жаңа соққылар жасауынан кейін әлемдік мұнай бағасы айтарлықтай қымбаттады.
WTI маркалы мұнай 5,2%-ға өсіп, барреліне 90,22 долларға жетті. Бұл – 23 шілдеден бергі ең жоғары көрсеткіш. Brent бағасы 4,6%-ға көтеріліп, 94,65 доллар болды.
АҚШ Орталық қолбасшылығы Ирандағы Ислам революциясы сақшылар корпусының нысандарына соққы жасалғанын хабарлады. Ал Дональд Трамп Иран жауап қайтарған жағдайда бұдан да ауқымды соққы жасалатынын ескертті.
Дереккөз: @baq_kz


