АҚШ Венесуэланың алтын қорына қол жеткізуді көздеп отыр

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлағандай, АҚШ Венесуэланың тек мұнайына ғана емес, сонымен қатар басқа да пайдалы қазбаларына, соның ішінде алтын мен аса маңызды минералдарына қол жеткізгісі келеді.

Вашингтон Венесуэланың тау-кен саласындағы ықпалын күшейтудің жолдарын пысықтап жатыр.  АҚШ билігі жекеменшік компания өкілдерімен кездесіп, олардың бұл секторға инвестиция салуға деген қызығушылығын талқылауда.

Дегенмен Венесуэланың пайдалы қазбаларының негізгі бөлігі жетуі қиын аймақтарда орналасқан. Оның үстіне, бұл кен орындары әлі толық зерттелмеген немесе бұрынғы геологиялық мәліметтер ескіріп кеткен, деп жазады басылым.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар