Ақтөбе облысында үй өртініп, бір адам қаза тапты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қайғылы оқиға кеше, 8 қыркүйек күні Ақтөбе облысындағы Қобда ауданының Қобда ауылында Щербаков көшесінде болған. ТЖД мәліметінше, тұрғын үйдің бөлмесі мен шатыры өртенді.

«Өрттің аумағы 96 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан бір адам қаза тапты. Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, жедел медициналық жәрдем және полиция бригадалары жұмыс істеді», – делінген хабарламада.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/790815-aktobe-oblysynda-uj-ortinip-bir-adam-kaza-tapty

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар