
Мұны вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты. Оның сөзінше:
- тергеудің бірінші бөлігі қылмыстық сипатқа ие. Оны еліміздің Бас прокуратурасы ресейлік әріптестерімен бірге жүргізіп жатыр;
- екіншісі техникалық сипатта, ол Көлік министрлігінің құзырында.
Вице-премьердің айтуынша, Көлік министрлігі тергеудің соңғы кезеңіне жақындады. Сондықтан қазір аэронавигациялық құралдар және басқа да технологиялардың лицензиарлары мен өндірушілерінен соңғы қорытындыны күтіп отырмыз дейді Бозымбаев.
Жалпы, министрлік өз жұмысын биыл немесе келесі жылдың басында аяқтауға дайын екен.
Айта кетейік, AZAL ұшағы 2024 жылдың желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді. Қазір апаттың себептерін тергеу жалғасып жатыр.
Дереккөз: t.me/stankznews


