Ақниет ауылының мәдени жетістіктері

Қазақ халқы мәдени мұралар мен салт-дәстүрге бай ұлт. Солардың бірі – ежелден бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қолөнер бағыты. Ою-өрнектермен нақышталған құрақ бұйымдар, қазақы әшекейлер, түскиіз бен тоқылған алашалар бәрі-бәрі бүгінде қайта үрдіске ене бастады. Сондықтан көнекөз жәдігерлерімізді жасау жолдарын кейінгі буынға қайта үйрету әрі жастар арасында насихаттау мақсатында Ақниет ауылдық мәдениет үйінде 2023 жылы жаңа үйірме қолға алынбақ. Әжелердің атсалысуымен іске асырылатын жоба жайында мәдениет үйінің директоры айтып берді.

Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ережеп Тұрғынбайұлы

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар