Сарыағаш аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын азаматтарға терезе қауіпсіздігіне баса назар аударуды ескертуде. Соңғы уақытта балалардың ашық терезеден құлау оқиғалары жиілеп барады. Сол себепті бұл мәселе ерекше бақылауға алынуда. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында мамандар арнамызға сұқбат берді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрболат Еркін



