Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауларының бірінде ауылды жерлерді көркейту жөнінде нақты айтылып, нәтижесінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы мемлекеттік деңгейде қолға алынғаны мәлім. Аталған жоба аясында өткен жылы Сарыағаш ауданында тіректі елді мекендерде қарқынды жұмыс жасалды. Ауылды дамытуға бағытталған бағдарламаның шарапатына бөленген өңірлердің бірі – Жарты төбе ауылдық округі.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ережеп Тұрғынбайұлы