Мәдениет майталмандарының «Ауылым – алтын бесігім» атты іс-шарасы жалғасып келуде. Кезекті концерттік бағдарлама ұсынған Ақ үй ауылдық клубының талантты жастары әуезді әндерімен қала және аудан тұрғындарына керемет әсер сыйлады. Сонымен қатар, демалушыларға қуаныш сыйлап, жылы әсер қалдыру мақсатымен Сарыағаш аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері балмұздақ үлестіріп шықты. Ерекше атмосферада өткен шара жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Ережеп Тұрғынбаұйлы





