«АУЫЛ МЕКТЕПКЕ МҰҚТАЖ»

«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 өзекті мәселе қаралды. Әуелі бақылау комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Екінші мәселе – аудан аумағында мемлекет қаржысына салынып жатқан ішкі көшелер мен автомобиль жолдарының сапасына жүргізілген сараптама қорытындысымен танысу. Сондай-ақ, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы 2024 жылға арналған жол картасындағы білім мен медицина мекемелерінің жоспарланған құрылыстарымен таныстырып өтті. Халық қалаулылары бөлім басшыларының есебінен соң, бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, өздері бақылау жүргізген білім ошақтарының бүгінгі жай-күйін айтып, дабыл қақты.

Авторлар: Майра Нұрмахан, Сағындық Ислам

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар