Сарыағаш ауданында «Құрбан айт – ұлық мереке» атты аудан имамдарының алқалы жиыны өтті. Басқосуға Сарыағаш аудандық орталық мешітінің бас имамы Тұрлыбек Төлебеков, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Зәуре Хамзаева және өңірдегі мешіттердің имамдары қатысты. Жиын барысында қасиетті Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыру, ел бірлігі мен рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Айдос Дәулет


