Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Астана күніне орай Келес ауданында ерекше спорттық шара ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен волейбол сайысы елдік пен бірлікті, салауатты өмір салтын насихаттауды көздеді. Доп додасына алты ауданның командалары қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Аман Асылбек