«Қорадағы 5-6 малымызды қайда апарып бағарымызды білмейміз. Ауыз су мәселесі бойынша да проблемамыз бар». Осылай деп, өздерінің мұң-мұқтаждарын айтқан Дербісек ауылдық округіне қарасты Атамекен елді мекенінің тұрғындарымен Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Полатов және аудандағы бөлім басшылары кездесті. Тараптар түйінді проблемалардың күрмеуін шешу жайын ақылдасып, біршама түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Айдос Дәулет