Қазақ халқы бағзы заманнан бері балалардың тәлім-тәрбиесін бесіктен бастап, ата-әжесіне тапсырып қоятын болған. Жас ұрпақ үшін қазыналы қарттардың сарқылмас ақылы мен асыл әжелердің зерделі әңгімесінің маңызы зор. Осыны ескерген қаламыздағы Тұран-555 бастауыш мектебі «Ата – әулеттің тірегі, әже – ұрпақтың жүрегі» деген тақырыппен ашық сабақ ұйымдастырды.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Жасұлан Әлібеков