9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ұлы Отан соғысының ардагері, 103 жастағы қария Эрмохан Ишхоновтың үйіне арнайы барып, айтулы мерекемен құттықтады. «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына» арналған мерекелік медалін және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің арнайы құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстады.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлыы, Ережеп Тұрғынбайұлы