«Алға, Қазақстан!»: Энрике Иглесиас қазақша сөйлеп, жанкүйерлерін қуантты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Әлемге әйгілі испаниялық поп-әнші Энрике Иглесиас Польшадағы концерт кезінде қазақ жанкүйерлеріне қазақ тілінде сәлем жолдады. Польшадағы Гданьск қаласында өткен шоудан кейін сахна сыртындағы кездесуде қазақстандық жанкүйерлер әншіге елімізде кеңінен танымал шоколадты сыйға тартқан.

Сыйлыққа қуанышты болған Иглесиас камера алдында қазақ тілінде: «Алға, Қазақстан!» деп , жылы лебізін білдіреді. Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте Astana қаласында, ал 5 қыркүйекте Almaty қаласында өнер көрсетеді.

Концерт барысында орындаушының кеңінен танылған әндері шырқалады деп жоспарланған. Олардың қатарында Bailando, Hero, Escape және Súbeme la Radio секілді композициялар бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шоу бағдарламасы көрерменнің ықыласына қарай өзгеруі мүмкін. Әнші сахнада жанкүйерлермен еркін қарым-қатынас жасап, көрермендердің сыйлықтары мен тілектеріне назар аударады.

Айта кетейік, бұған дейін жергілікті билік әншінің этикалық нормаларды сақтауына байланысты ескерту жасаған еді.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар