Алматыдағы апатқа полицейдің қатысы барын айтқан заңгер қамауға алынды

Фото: Ашық апарат көздерінен

Заңгер Молдахан Әділетханның ұсталғанын көмекшілері хабарлады. Заңгер ұсталған соң соңынан бес адвокат барған. Алайда заң өкілдері әріптесімен көрісудің қиынға соғып жатқанын айтты.

Ал полициян заңгерге қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Ол әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторына қамалыпты. Алайда оның қандай жалған ақпарат таратқаны нақты айтылмады.

Бұған дейін заңгер үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы жол-апатына лауазымды полицияның қатысы барын айтқан еді.

Дереккөз: Ашық апарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар