
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда тұтыну кооперативі атын жамылып жұмыс істеген «R.O.I.» қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Пирамида азаматтарды жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алу бағдарламаларына қатысуға шақырған. Ол үшін үлестік жарна жинақтау шарттары жасалып, тұрғындардан ақша жиналған.
Қазір 275 азамат жәбірленуші деп танылды. Оларға келтірілген жалпы шығын – 217 млн теңге. Ұйымдастырушылар кеңес беру қызметінің ақысы деген желеумен кооперативтен 94 млн теңгені өздерімен байланысы бар тұлғалардың есепшоттарына аударған.
2022 жылы сот даулары басталғаннан кейін Алматыда «ShynSaulet», «Berekeli Shanyrak», «Aya-Aru», «Jasmin», «USCoop» және «Baiterek» атты алты жаңа тұтыну кооперативі құрылған. Бұл ұйымдар «R.O.I.» тұтыну кооперативі басшысының бақылауында болған.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам екі айға қамауға алынды. Үш автокөлікке, 25 пәтерге және банк шоттарына тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


