
Алматыдағы Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінің түлегі диплом тапсыру кезінде құжатты жыртып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция мәліметінше, жыртылғаны — дипломның түпнұсқасы емес, алдын ала дайындалған көшірме. Негізгі диплом мен қосымшасына зақым келмеген.
Сот оған заңсыз контент таратқаны үшін 20 АЕК айыппұл салып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке әкімшілік қамау тағайындады.
Бұған дейін түлек кешірім сұрап, әрекетін алдын ала жоспарлағанын және жыртылған құжат көшірме болғанын айтқан еді.
Дереккөз: 24kz


