Алматыда Ақмарал Арыстанбекованың «Қазақстан дипломатиясының қыр-сыры» кітабының тұсаукесері өтті

ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде көрнекті қазақстандық дипломат, БҰҰ жанындағы ҚР тұңғыш Тұрақты өкілі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекованың «Қазақстан дипломатиясының қыр-сыры» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Сонымен қатар 10 шілдеде бұл кітаптың тұсаукесері Алматы қаласында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Достық үйінде» де өтті.

Басылым автордың жеке мұрағаттық материалдарына негізделген және Қазақстанның сыртқы саясаты қалыптасуының негізгі кезеңдерін қамтиды. Халық дипломатиясының рөліне және егемен мемлекеттің сыртқы саясатының қалыптасуына ерекше назар аударылған.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдрашов бұл еңбектің қазақстандық дипломатияның қалыптасуын айғақтайтын бірегей туынды әрі тарихи жадыны сақтау ісіне қосылған маңызды үлес екенін айтты.

Тұсаукесерге қатысушылар бұл кітаптың халықаралық мәдени байланыстарды дамыту және тәжірибені жаңа буынға жеткізу ісіндегі маңызын атап өтті.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар