
Алматы облысында полиция жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылды әшкереледі. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіледі, — дейді полиция.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


