Айыппұлды уақтылы төлеңіз! Салынған айыппұлдар, салық міндеттемелері және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді өз еркімен төлеуден жалтарып жүргендерден әкімшілік полиция бөлімі өзгеше тәсілмен өндіріп алмақ. Осыған байланысты Сарыағаш аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен полиция қызметкерлері, прокуратура мен жеке сот орындаушылары бірлесіп «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Бұл жолы да құқық қорғау органдарының құрығына түскендер аз болған жоқ.
Авторлар: Ақерке Жұмабекқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы