
Қазақстанда сапасыз бензиннен көлігі бұзылған азаматтарға жөндеу шығынын өтеу ұсынылды. Депутат Асхат Рахимжановтың мәліметінше, тексеру кезінде Қызылорда облысында АИ-95 маркасымен АИ-92 сатылғаны анықталған.
Депутат жанармайдың әр партиясын зауыттан жанармай құю стансасына дейін цифрлық бақылауға алып, QR-код арқылы оның шығу тегі мен зертханалық нәтижесін көрсету қажет деп есептейді.
Дереккөз: @baq_kz


