Кезектен тыс Президент сайлауы – еліміздегі қоғамдық саяси үрдістер мен геосаяси ахуалға әсер ететіні сөзсіз. Себебі халық қашан да әділ сайлау мен әділетті сенімге иек артқан. Дәл осы сайлауда саналы таңдау жасау – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды кезең болмақ. Осы ретте Келес ауданының тұрғындары да баршаны ұлт мүддесі, ел болашағы үшін мемлекет тарихындағы маңызды оқиғаға белсене қатысуға шақыруда.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ерлан Сәрсенбеков