Сарыағаш ауданында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мақсатында аудан тұрғындары мен жастарының қатысуымен арнайы кездесу өтті. Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев ашып, жүргізді. Бұл басқосу жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, адалдық пен әділдікке тәрбиелеуге бағытталды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы