TikTok-та танымал Талғар әкімі қызметінен кеткеннен кейін такси жүргізушісі болып кеткен

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Бір ай бұрын қызметінен кеткен Талғардың бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы көлікті жалға алып, жұмыс істеп жүр.

«Үйде отыруға ұяламын. Отбасымды асырауым керек. «Есектің артын жусаң да, ақша табуың керек» деген бар. Таңғы үшке дейін жұмыс істеймін. Күнде 18 500 теңге жоспарды орындауым керек», – деді ол сұхбатында.

Сөзінше, ол денсаулығына байланысты қызметінен кетті.

Әбілқайырұлы егер оған тағы бір мүмкіндік беріліп, мемлекеттік қызметке шақырылса, ол қайтып оралуға дайын екенін жасырмады.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp