
АҚШ-тың Байланыс жөніндегі федерал комиссиясы (FCC) SpaceX компаниясына орбитадағы дерек орталықтары желісін құру үшін 1 миллионға дейін жерсерік ұшыруға рұқсат етті, деп хабарлайды Cointelegraph басылымы.
FCC мәлімдемесіне сәйкес, Starmind жерсеріктер тобы күн санап артып келе жатқан жасанды интеллектке (ЖИ) деген сұранысты қанағаттандыратын және Жерде пайдаланылатын үлкен көлемдегі деректерді өңдейтін орбитадағы есептеу инфрақұрылымын түзеді.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


