Қазіргі таңда Келес АПБ–де 126 азаматқа қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі анықталған. Құзырлы орган қызметкерлерінің мәліметінше, зорлық-зомбылық фактілері Абай, Біртілек, Алпамыс батыр ауылдарында биылғы жылы артып отыр. Бұл туралы Келес АПБ бастығы дүйім жұртпен өткен кездесуде мәлім етті. Сондай-ақ «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары да жалғасып келеді. ІІО мамандары қаншама әйелді тепкіден, қаншама жеткіншекті педофильден құтқарған «SOS» белгі, көмек сұраудың ишарасын кеңінен түсіндіріп өтті. Ал сіз «SOS» белгісін білесіз бе? Майра Нұрмахан айтып берсін.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Әукен Қадір