Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Филиал төрағасы, аудан әкімі Ақментай Есбаев төрағалық еткен конференцияға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Роллан Шерімов, аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған конференция делегаттары қатысты. Күн тәртібіне қойылған мәселелер жайы алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Балнұр Зұпарбекқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы