LRT желісінде түтін шықты, әзірге көліктің қашан жүретіні белгісіз

Фото: Видеодан скрин жасалды

Астана қаласы Есіл ауданы Сығанақ көшесіндегі LRT жолдарында өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, электр кабельдері тұтанған. LRT мамандары электр желісін кернеуден ажыратқаннан кейін, ТЖМ қызметкерлері Vario Carbon автономды ранцтық өрт сөндіргішінің көмегімен өртті сөндірді.

Пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды. Оқиғаның себебі мен пойыздың қашан қайта жүретіні туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар