FBI бұрынғы басшысына айып тағылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталуы мүмкін. 

Джеймс Коми президент Трампқа қарсы әлеуметтік желіде пост жариялаймын деп істі болды. Ол былтыр ұлу қабыршақтарынан жасалған «86» және «47» деген сандардың суретін парақшасына салған. Ақ үй басшысы мұны сес көрсету деп бағалады. Өйткені америкалықтарда «86» саны біреуге зиян келтіру дегенді білдіреді. Ал «47» – Трамптың 47-ші Президент екенін меңзейді. АҚШ-тың Әділет министрінің міндетін атқарушы Тодд Бланштың айтуына қарағанда, федералдық тергеу бюросының бұрынғы басшысына бір емес екі айып тағылған.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp