
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген «DIMENSIONS» әлемдік концерттік туры аясында 2026 жылдың қараша айында Латын Америкасының бірнеше елінде ауқымды бағдарламамен өнер көрсетті. Бұл гастрольдік сапар қазақ өнерінің халықаралық географиясын кеңейтіп, түрлі елдің тыңдарманын бір әуенге тоғыстырған айтулы мәдени оқиғаға айналды.
Турненің негізгі бөлігі Мексикада басталып, Мерида, Монтеррей, Гвадалахара және Мехико қалаларын қамтыды. Мехикодағы қос кеш зор аншлагпен аяқталды. Сапар барысында мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі мен халықаралық жетістіктері үшін әншіге Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрметті белбеуі табысталды.
Одан кейін Димаш Құдайберген 22 қарашада Колумбия астанасы Боготада өзінің алғашқы жеке концертін өткізді.
Бүгін Чили астанасы Сантьягода және 1 желтоқсанда Перудің Лима қаласында жалғасады.
Барлық қалаларда жанкүйерлер Димашты зор қошеметпен қарсы алды.
Дереккөз: 24kz


