Ел жаңалықтары – SATMEDIA.KZ https://satmedia.kz Wed, 09 Jul 2025 07:54:04 +0000 kk hourly 1 https://wordpress.org/?v=5.6.14 https://satmedia.kz/wp-content/uploads/2021/01/cropped-logoPWA-1-32x32.png Ел жаңалықтары – SATMEDIA.KZ https://satmedia.kz 32 32 «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады https://satmedia.kz/%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb-%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%b1%d1%96-%d1%81%d0%b0%d0%bf%d0%b0-%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d2%a3%d1%8b-%d1%80%d0%b5%d1%81%d0%bf%d1%83%d0%b1%d0%bb%d0%b8%d0%ba/ Wed, 09 Jul 2025 07:47:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=32025 Қазақстанда мектептердің 70%-ға жуығы ауылдық жерлерде орналасқан және көпшілігі шағын жинақты мектептер болып табылады. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту мақсатында 2023 жылдан бастап елімізде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы басталған болатын.

Сообщение «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда мектептердің 70%-ға жуығы ауылдық жерлерде орналасқан және көпшілігі шағын жинақты мектептер болып табылады. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту мақсатында 2023 жылдан бастап елімізде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы басталған болатын.

Оның ішінде Ақтөбе облысында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту», Алматы облысында «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру», Маңғыстау облысында «Отпан» тірек мектептерінің желісін дамыту», Ұлытау облысында «Ustaz Ulytau» сияқты өңірлік бастамалар жүзеге асырылуда.

Атап айтсақ, 2023 жылы Ақтөбе облысында 12 тірек мектеп пен 134 шағын жинақты мектеп, 2024 жылы Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тағы 10 тірек және 30 шағын жинақты мектеп жобаға қатысты. 2025–2026 оқу жылында тағы 1600 ауыл мектебі қосылады деп жоспарлануда.

Жобаны іске асырудың нәтижесінде мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылды, заманауи пәндік және цифрлық кабинеттермен жабдықталды, сондай-ақ, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету шешімін тапты.

Жобаның маңызды тұсының бірі – — онлайн оқыту. Оқушы мен мұғалім саны аз ауыл мектептерінде математика, физика, химия, биология және ағылшын тілі пәндерінен онлайн сабақтар өткізіледі.

«Кейбір ауыл мектептерінде бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беріп жүр. Жаңа жобаның арқасында тірек мектептерінің ұстаздары шағын жинақты мектептегі оқушыларды онлайн оқытады, яғни әр пәннен өз ісінің білікті маманы дәріс береді. Бұл балалардың білім сапасын жақсартып қана қоймай, ауыл мұғалімдерінің де кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Назипа Аюбаева.

Сонымен қатар мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетілуде: цифрлық сауаттылық курстары оқытылады, технологияларды қолдану мен оқу бағдарламаларын ауыл мектептеріне бейімдеу бойынша тренингтер өткізіледі. Бүгінге дейін 10-нан астам республикалық іс-шара ұйымдастырылған, бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Сообщение «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады https://satmedia.kz/%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%88%d1%8b%d1%81%d1%8b-%d1%81%d1%83-%d1%88%d0%b0%d1%80%d1%83%d0%b0%d1%88%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%93%d1%8b-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d0%b0/ Wed, 09 Jul 2025 07:44:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=32022 Президент су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, су – бүкіл тіршіліктің көзі, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін айтты.

Сообщение Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Ақорда

Президент су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, су – бүкіл тіршіліктің көзі, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін айтты.

– Біздің кең байтақ жеріміз бар. Алайда ел аумағының жартысынан көбі шөл және шөлейт жерлер. Сондықтан Қазақстан үшін су мәселесі ұлттық қауіпсіздік мәселесі десек, артық болмайды. Бұл сала әрдайым мемлекеттің айрықша назарында. 2023 жылы халыққа Жолдауымда мен суды тиімді пайдалану жайына ерекше тоқталдым. Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Нақты міндеттер айқындалып, ауқымды реформалар қолға алынды. Жаңа Су кодексі қабылданды. Ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Су нысандарын салуға және қалпына келтіруге қомақты қаражат бөлінді. Шетелден инвестиция тартылуда. Қазір осы салада 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Олар қала мен ауылды, өндірістер мен егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етуде, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент су саласында мықты мамандар әлі де жетіспейтінін атап өтті.

– Былтыр Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылды. Осы мамандыққа бөлінетін грант саны екі есе артты. 500-ден астам студент бюджет қаржысына білім алып жатыр. Олар оқуын аяқтаған соң «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында жұмыс істей алады. Сондай-ақ 120 қызметкер Қытайда тәжірибе алмасып, қосымша білім алуда. Су шаруашылығы мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән берілуде. Былтыр олардың жалақысы 25 пайызға өсті. Биыл да көбейеді. Бір сөзбен айтсақ, жүйелі жұмыс істеліп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: t.me/aqorda_resmi

Сообщение Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Әлеуметтік шаралар: су өнеркәсібінде жалақы өседі https://satmedia.kz/%d3%99%d0%bb%d0%b5%d1%83%d0%bc%d0%b5%d1%82%d1%82%d1%96%d0%ba-%d1%88%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d1%81%d1%83-%d3%a9%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%ba%d3%99%d1%81%d1%96%d0%b1%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5/ Wed, 09 Jul 2025 07:41:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=32019 Бүгінде су саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкерлердің жалақы деңгейі 25%-ға (163 мыңнан 204 мың теңгеге дейін) ұлғайды және қазіргі уақытта ол орташа есеппен 204 мың теңгені құрайды.

Сообщение Әлеуметтік шаралар: су өнеркәсібінде жалақы өседі появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Primeminister.kz

Бүгінде су саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкерлердің жалақы деңгейі 25%-ға (163 мыңнан 204 мың теңгеге дейін) ұлғайды және қазіргі уақытта ол орташа есеппен 204 мың теңгені құрайды.

Бұл ретте Министрлік 2024 жылғы желтоқсаннан бастап су саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға қатысты «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, мемлекеттік органдармен, аккредиттелген ұйымдармен, «Атамекен» ҰКП-мен және барлық мүдделі тұлғалармен келісілген тиісті түзету әзірленді. ҚР Үкіметінің оң қорытындысы алынды.

Сонымен қатар биылғы наурыз айында Мәжіліс депутаттары мақұлдап, «Аквамәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын Сенатқа жолдады. Осы түзетулерді қабылдау 2025 жылдың екінші жартыжылдығында су саласы қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға – 305 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар салаға жоғары білікті мамандарды тартуға жағдай жасайды деп күтілуде.

Дереккөз: Primeminister.kz

Сообщение Әлеуметтік шаралар: су өнеркәсібінде жалақы өседі появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасын салу жоспарлануда https://satmedia.kz/9-%d1%88%d1%96%d0%bb%d0%b4%d0%b5-%d1%81%d1%83-%d1%88%d0%b0%d1%80%d1%83%d0%b0%d1%88%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%93%d1%8b-%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d0%bc%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bd/ Wed, 09 Jul 2025 07:33:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=32014 Қазақстан бойынша 1395 тірек гидротехникалық құрылыстар (ГТҚ) бар. Су тасқынына дайындық мақсатында Бассейндік инспекциялар ТЖД өкілдерімен, жергілікті атқарушы органдармен және «Қазсушар» РМК-мен бірлесіп ГТҚ-ны көзбен шолып тексеру жүргізеді. Биылғы зерттеу қорытындысы бойынша жөндеуді қажет ететін 560 ГТҚ анықталды, оның 540-ы қанағаттанарлықсыз және 20-сы апатты жағдайда.

Сообщение Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасын салу жоспарлануда появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Ашық ақпарат көздерінен алынды

Қазақстан бойынша 1395 тірек гидротехникалық құрылыстар (ГТҚ) бар. Су тасқынына дайындық мақсатында Бассейндік инспекциялар ТЖД өкілдерімен, жергілікті атқарушы органдармен және «Қазсушар» РМК-мен бірлесіп ГТҚ-ны көзбен шолып тексеру жүргізеді. Биылғы зерттеу қорытындысы бойынша жөндеуді қажет ететін 560 ГТҚ анықталды, оның 540-ы қанағаттанарлықсыз және 20-сы апатты жағдайда.

Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңадан 42 су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 37 су қоймасын реконструкциялау жоспарлануда. Бұл ауыл шаруашылығын сумен тұрақты қамтамасыз етеді, су басу қаупін азайтады және трансшекаралық суларға тәуелділікті азайтады. Солтүстік өңірлерде жаңа су қоймалары 216 елді мекенді су басуына жол бермей, 1,5 млрд м3 қарғын суды жинауға көмектеседі. Оңтүстікте олар суару алаңдарын 295 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2025 жылы ведомство республикалық бюджет және халықаралық қаржы ұйымдары есебінен 98 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Министрлік қазірдің өзінде Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында суару желілерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Қызылорда облысында өткен жылдан бастап жалпы ұзындығы 232 км – Жаңа Шиелі, О-2, Келінтөбе, Әйтек, Сунақата 5 су арнасында суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, гидропосттарды реконструкциялау жобасы іске асырылуда.

Сонымен бірге Қызылорда облысының 16 магистралды және шаруашылықаралық арналарын автоматтандыру мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жобаларды жүзеге асыру 2025 жылдан 2027 жылға дейінгі мерзімге жоспарланған, арналардың жалпы ұзындығы 2,6 мың км-ден асады.

Сондай-ақ 2025-2027 жылдары Түркістан облысында 80 арнаны және Жамбыл облысында 77 арнаны автоматтандыру жоспарланған. Қазіргі уақытта автоматтандыруға жататын арналар санының ұлғаюын ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттама өзектендірілуде.

Автоматтандыру жобаларында су ресурстарын жоспарлау, пайдалану және басқару мүмкіндігі бар бағдарламалық шешімді қоса алғанда, шығын өлшегіштері бар қақпаларды орнату қарастырылған. Процесті қашықтан басқару және автоматтандыру объектіге шығу қажеттілігін жояды және судың таралуын бақылауға мүмкіндік береді. Операциялар қашықтан орындалады және тәуліктің кез келген уақытында автоматты түрде жұмыс істеу үшін ыңғайластырылады.

Суару арналарында автоматтандыруды енгізу жеке шаруашылық деңгейінде де, өңір ауқымында да бірқатар маңызды артықшылықтар мен ұзақмерзімді тиімділік әкеледі. Бұл шылқытып суару немесе жеткіліксіз суару факторларын жояды, фермерлер арасында ресурстарды ашық бөлуді қамтамасыз етеді.

Нәтижесінде бұл жобалар егіндік судың шығынын 20-30%-ға азайтуды және ауданы 420 мың гектардан астам суармалы жерлердегі суды есепке алуды қамтамасыз етуі тиіс.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өндірушілерімен су беруге қатысты 22,5 мың шарт жасалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық.

Бұдан басқа, осы жылдың соңына дейін топтық су құбырларын салу бойынша 24 жобаның 12-сін аяқтау жоспарлануда, бұл жалпы тұрғыны 423 мың адамды құрайтын 153 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Тағы 52 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.

Сонымен қатар биыл жаңадан 4 су қоймасының құрылысын бастау және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау жоспарлануда.

Батыс Қазақстан облысындағы құрылысы дайындалып жатқан «Үлкен Өзен» су қоймасы (28 млн м3) тасқын суларды жинақтау және ауыл шаруашылығы алқаптарын суару үшін пайдаланылатын болады.

Алты облыс аумағында цифрландыру элементтерін қолдана отырып, 115 арнаны қайта жаңарту жоспарлануда және Астана су қоймасын толтыру үшін құрылыстар салумен қатар қолданыстағы арнаны кеңейту және тазарту жұмыстары жүргізіледі. Бұдан басқа, 2025 жылы көлемі 256 мың га аспалы 1,9 мың км астам суару каналдарын пайдалануға беру көзделген.«Қазсушар» филиалдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін Үкіметтің қолдауымен 757 бірлік арнайы техника мен көлік сатып алу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда 273 арнайы техниканы «Қазсушар» филиалдары қабылдады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, биыл 150 мың гектар суармалы жерге қосымша су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге субсидияларға сараланған тәсіл енгізілді: суды үнемдейтін технологияларды қолданатын фермерлерге үлкен көлемдегі мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұл тиімді суару жүйелеріне – жаңбырлату, тамшылату, лазерлік орналастыру тәсілдеріне көшуді ынталандырады.

Дереккөз: Primeminister.kz

Сообщение Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасын салу жоспарлануда появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
ІІМ: Қазақстанда киберқылмыспен күрес күшейтілді https://satmedia.kz/%d1%96%d1%96%d0%bc-%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0-%d0%ba%d0%b8%d0%b1%d0%b5%d1%80%d2%9b%d1%8b%d0%bb%d0%bc%d1%8b%d1%81%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%ba%d2%af%d1%80%d0%b5/ Wed, 09 Jul 2025 07:27:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=32011 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігінің құрылымында өңірлік бөліністері бар арнайы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды. Бұл құрылым тек интернет алаяқтықты ашумен ғана емес, оның алдын алу, ұйымдастырушылық және заңнамалық реттеу шараларымен де айналысады. Аталған бөліністің жұмыс нәтижесімен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте департамент бастығы Жандос Сүйінбай бөлісті.

Сообщение ІІМ: Қазақстанда киберқылмыспен күрес күшейтілді появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Polisia.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігінің құрылымында өңірлік бөліністері бар арнайы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды. Бұл құрылым тек интернет алаяқтықты ашумен ғана емес, оның алдын алу, ұйымдастырушылық және заңнамалық реттеу шараларымен де айналысады. Аталған бөліністің жұмыс нәтижесімен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте департамент бастығы Жандос Сүйінбай бөлісті.

Биыл алты айда 11 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген. Полиция 74 sim-box құрылғысын және тіркелмеген 88 мыңнан астам sim-карта тәркіледі.

Бұл деректерге қатысты 30 адам ұсталды, оның ішінде 14-і – шетел азаматтары. Интернет-кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізу нәтижесінде заңға қайшы мазмұндағы 59 мың интернет-ресурс анықталып, бұғаттауға жолданды.

Жыл басынан бері 870 адам интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Антифрод-орталығы» арқылы банктермен бірлескен жұмыс нәтижесінде азаматтардан ұрланбақ болған 2,6 млрд теңгеден астам қаражаттың шығарылуына жол берілмеді.

Полиция байланыс операторларымен бірлесіп 66,9 млн жалған қоңырауды бұғаттады. Республикалық деңгейде әр тоқсанда жедел алдын алу іс-шаралары өткізіліп отырады.

– Алаяқтарды анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас жасалуда, олармен тікелей байланыстар мен жедел ақпарат алмасу арналары қалыптастырылған. Мысалы, осы жылдың қаңтар айында біз Арменияда бірлескен операция өткіздік, онда Еуропа мен ТМД елдерінің тұрғындарын алдап келген алаяқтардың екі call-орталығының көзін жойдық, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларында орналасқан бес call-орталықтың жолы кесілген.

– Интернет-алаяқтықтың алдын алудың басты шарты – азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығы, – деді спикер.

Дереккөз: Polisia.kz

Сообщение ІІМ: Қазақстанда киберқылмыспен күрес күшейтілді появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Қазақстанда 48 жаңа сүт фермасы салынды https://satmedia.kz/%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0-48-%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0-%d1%81%d2%af%d1%82-%d1%84%d0%b5%d1%80%d0%bc%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d1%8b/ Tue, 08 Jul 2025 13:07:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=31993 Үкімет отырысында мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау және өңірлердегі табысты тәжірибелерді кеңінен тарату мәселелері талқыланды.

Сообщение Қазақстанда 48 жаңа сүт фермасы салынды появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Үкімет отырысында мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау және өңірлердегі табысты тәжірибелерді кеңінен тарату мәселелері талқыланды.

«Qazaq sut» Республикалық сүт және ІҚМ-нің аралас тұқымдары палатасының атқарушы директоры Азамат Сағынбаев Қазақстан сүт шаруашылығында бұрын-соңды болмаған өсу қарқынын паш етіп отырғанын айтты.

Оның мәліметтері бойынша, 2023 жылдан бастап елімізде жиынтық қуаты жылына 300 мың тоннадан астам сүтті құрайтын 48 жаңа сүт-тауар фермасы іске қосылған. Жобаларға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 150 млрд теңгеден асқан. 2020 жылға дейін республика бойынша жыл сайын орта есеппен осындай екі ферма ғана салынған екен.

Азамат Сағынбаевтың айтуынша, сүт трансформациясының көшбасшысы – Солтүстік Қазақстан облысы. Онда 2021-2022 жылдары 21 кәсіпорын іске қосылыпты. Соның арқасында аймақ 2025 жылы еліміздің агроқұрылымдары арасында сүт өндіру көлемі бойынша бірінші орынға шыққан.

«Жаңадан іске қосылған сүт-тауар фермаларында бір жәй сиырға орташа жылдық сүт көлемі 8,2 мың литрден келеді, ал сүтті сиырларда 11 мың литрге жетеді. Бұл Еуропаның сүтті мол өндіретін елдерінің деңгейімен сәйкес. Сүт шаруашылықтары өңірдегі өндіріс саласын өсімге бастап қана қоймай, ауылдарда жұмыс орындары мен инфрақұрылым қалыптастыра алатын құзырет орталықтарына айналуда»,  — деп атап өтті ол.

Өсудің негізгі факторлары:

• жануарларды өңдеуге тапсыру арқылы нәтижеге бағдарланған субсидиялауға көшу,
• икемді кепіл шарттары бар 2,5% жеңілдікті несиелер,
• суару технологияларын енгізуді субсидиялау,
• «Кен дала» бағдарламасы арқылы тұқымдар мен тыңайтқыштарға қолжетімділікті арттыру.

Мал азығы базасының дамуы да ерекше әсер етті. Минералды тамақтану деңгейінің жоғарылауы, жоғары тиімді техникаға қол жетімділік және суару алаңының кеңеюі фермерлерге жемшөп құнын төмендетуге және саууды арттыруға мүмкіндік берді.

Палатаның атқарушы директоры СҚО тәжірибесін бүкіл елге кеңірек тарату қажеттігін айтып отыр. Ол үшін министрліктер мен әкімдіктер тарапынан үлгілік жобадағы шешімдер мен институционалдық қолдау керек.

«Қазақстанда сапалы сүтке деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті ойыншы болу үшін барлық қажетті ресурстар бар»,  – деп атап өтті ол.

Азамат Сағынбаев мал шаруашылығы орасан көп қажыр-күш жұмсауды және үзбей қатысуды талап ететін, жануарларды жыл бойы қорада ұстау көп еңбекті қажет ететін бағыт екенін атап өтті.

Сондықтан да ынталандыру шаралары түрінде, соның ішінде қол жетімді несиелік өнімдер мен инвестициялық субсидиялау арқылы бұл саланы Үкіметтің қолдауы ерекше маңызды.

Дереккөз: @KZgovernment

Сообщение Қазақстанда 48 жаңа сүт фермасы салынды появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) президентін қабылдады https://satmedia.kz/%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%88%d1%8b%d1%81%d1%8b-%d1%85%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%82/ Tue, 08 Jul 2025 12:34:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=31987 Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік берді. Өткен жылдан бері Монреаль қаласында Қазақстан Республикасының ICAO жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңсесі жұмыс істей бастады.

Сообщение Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) президентін қабылдады появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Ақорда

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік берді. Өткен жылдан бері Монреаль қаласында Қазақстан Республикасының ICAO жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңсесі жұмыс істей бастады.

Халықаралық әуе тасымалдарының географиясы кеңейіп келеді. Бүгінде Қазақстан әлемнің 30-дан астам елімен тікелей әуе қатынасын жолға қойды. Нью-Йорк, Токио және Сингапур қалаларына рейстер ашу мәселесі пысықталып жатыр.

Қазақстан Президенті былтыр Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар пайдалануға берілгенін айтты. Соның ішінде Алматы әуежайының өткізу қабілеті алты есе, яғни, жылына 2,5 миллионнан 14 миллион жолаушыға дейін ұлғайды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан мен ICAO арасында қол қойылатын азаматтық авиация бас жоспарының маңызына тоқталды. Аталған құжат авиация секторын ұзақмерзімді дамыту стратегиясы ретінде қарастырылады.

Өз кезегінде ICAO кеңесінің президенті еліміздің азаматтық авиация саласындағы жетістіктерімен құттықтады. Ол Қазақстанда авиация қарқынды дамып, орнықты өсім көрсетіп отырғанына және нақты құрылымы жасақталғанына назар аударды.

Дереккөз: t.me/aqorda_resmi

Сообщение Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) президентін қабылдады появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Алматыда Ұлттық домбыра күні тойланды https://satmedia.kz/%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%b4%d0%b0-%d2%b1%d0%bb%d1%82%d1%82%d1%8b%d2%9b-%d0%b4%d0%be%d0%bc%d0%b1%d1%8b%d1%80%d0%b0-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96-%d1%82%d0%be%d0%b9%d0%bb%d0%b0%d0%bd%d0%b4/ Sun, 06 Jul 2025 00:43:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=31948 2025 жылдың 6 шілдесінде бірқатар алаңдарда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерті өтті.

Сообщение Алматыда Ұлттық домбыра күні тойланды появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

2025 жылдың 6 шілдесінде бірқатар алаңдарда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерті өтті.

Бұл мерекелік іс-шара халқымыздың бай музыкалық өнерімен жақын таныстырып, тыңдарманға домбыраның қоңыр үнін тыңдауға мүмкіндік берді.

Ұлттық домбыра күні жыл сайын елімізде шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. Бұл айтулы күн мәдени мұраның маңызын ұлықтап, ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған.

Домбыра – қазақ музыкалық дәстүрінің символы, халық даналығы мен жан тебіренісін жеткізетін киелі аспап.

Концерт бағдарламасында күйлер шертіліп, қазіргі заман композиторларының шығармаларымен қатар еліміздің ең үздік оркестрлерінің бірі орындаған ұлттық әуендер шырқалды.

Оркестрдің жоғары кәсіби шеберлігі мен дәстүрлі өнерге деген құрметі бұл күнді ұмытылмас мерекеге айналдырды.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сообщение Алматыда Ұлттық домбыра күні тойланды появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
3 боксшымыз алтыннан алқа тақты https://satmedia.kz/3-%d0%b1%d0%be%d0%ba%d1%81%d1%88%d1%8b%d0%bc%d1%8b%d0%b7-%d0%b0%d0%bb%d1%82%d1%8b%d0%bd%d0%bd%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d0%bb%d2%9b%d0%b0-%d1%82%d0%b0%d2%9b%d1%82%d1%8b/ Sun, 06 Jul 2025 00:38:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=31945 Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан және Бекзат Нұрдәулетов World Boxing кубогының алтын медалін жеңіп алды, ал Нұрбек Оралбай күміс жүлдегеие болды.

Сообщение 3 боксшымыз алтыннан алқа тақты появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Ақорда

Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан және Бекзат Нұрдәулетов World Boxing кубогының алтын медалін жеңіп алды, ал Нұрбек Оралбай күміс жүлдегеие болды.

Бүгінге дейін Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізді.

t.me/aqorda_resmi

Сообщение 3 боксшымыз алтыннан алқа тақты появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын тамашалады https://satmedia.kz/%d1%82%d0%be%d2%9b%d0%b0%d0%b5%d0%b2-%d0%b1%d0%be%d0%ba%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d3%99%d0%bb%d0%b5%d0%bc-%d0%ba%d1%83%d0%b1%d0%be%d0%b3%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d1%84%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b/ Sun, 06 Jul 2025 00:32:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=31942 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалап отыр.

Сообщение Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын тамашалады появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалап отыр.

Қазақстанда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогына қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.

Дереккөз: Ақорда

Сообщение Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын тамашалады появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>