Қазақстан мен Дания тау-кен өнеркәсібіндегі серіктестікті кеңейтуде

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов Данияның FLSmidth компаниясының бас директоры Тони Лааксоненмен кездесу өткізді.
Қазақстан мен Оңтүстік Корея жетекші цифрлық медициналық тәжірибелерді енгізу мүмкіндіктерін талқылады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов Әулие Мария халықаралық ауруханасының және оңтүстік кореялық Waycen және Meningblox компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді.
Эбола: шетелге шыққанда нені ескеру қажет

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады. Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі — Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ.
Мектеп бітіру кешін мейрамханада немесе табиғат аясында өткізуге тыйым салынады

Еліміздің барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде екі жүз он бес мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.
Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Қазақ қызы АҚШ елшісі қызметіне тағайындалды

АҚШ Сенаты 50 жастағы Асель Робертсті Словениядағы дипломатиялық қызметке тағайындады. Оның кандидатурасын Трамп ақпан айында ұсынған. Америкалық заң шығарушылар оның ұсынысын қолдады.
Тарихи нысанға қастандық

Маңғыстауда белгісіз біреулер ежелгі «Қапам ата» жерасты мешітіне пластик терезе орнатып кеткен.
Президент: «Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды»

«Ұлы даланың зияткерлік мұрасында ғұлама Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы дараланып көрінеді. Ол жалпыға ортақ мұсылман құндылықтары мен жергілікті рухани дәстүрлерді үйлестірген «түркілік исламның» бастауында тұрды.
Бітімгерлердің үшінші құрамы Голан жоталарына аттанды

Алматыдағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 61993 әскери бөлімінде «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы құрамында қызмет ету үшін Голан жоталарына аттанатын үшінші ұлттық бітімгерлік контингентті салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Прокуратура 455 га пайдаланылмаған егістікті мемлекетке қайтарды

Қамысты ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында шаруа қожалығымен Қамысты ауданы Аралкөл ауылдық округінде орналасқан 455 гектар жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау фактісін анықтады.